Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«BIRGEMIZ QYZYLORDA»: волонтерлардың күндізгі лагері мәресіне жетті

02.11.2020, 17:20 823

HALYQLINE.KZ

Аймағымызда жастар саясатын дамыту мақсатында Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Бізбен бірге» қоғамдық қоры, «Qosyl» жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «BIRGEMIZ QYZYLORDA» волонтерлардың күндізгі лагері өткізілді. Лагерьге 20-ға жуық волонтерлық жастар ұйымдары мен белсенді бастамашыл топ өкілдерінен барлығы 80 волонтер атсалысты. Лагерьдің негізгі мақсаты волонтерлік ұйымдар арасындағы әріптестік байланысты нығайту болып табылады.

29 қазан күні волонтерлар 3 топқа бөлініп, волонтерлік қызметте қажет етілетін тәжірибелік, құқықтық, медиа білімдерін жетілдірді. 1-топ тренері Сабыржан Кеңшілік жергілікті және халықаралық деңгейдегі волонтерлік үздік тәжірибелер туралы тренинг жүргізсе, 2-топта «Волонтерлік ұйымдардың жұмысын құқықтық сауатты жүргізу» тақырыбында Жақып Шаймұханбетұлы құқықтық дәріс берді. Ал, 3-топ тренері Асхат Әбдіразақпен бірге волонтерлік қызметті жүргізе отырып, оны өзгелерге насихаттауды заман талабына сай әлеуметтік желілерде жүзеге асырудың тиімді жолдары талқыланды. Танымал әлеуметтік желіні қалай сапалы жүргізу, қажетті аудиторияны тарту жолдары, әдемі суреттер мен мәтін жазу сырлары және өзге де инстаграм фишкаларымен бөлісті.

Жобаның аясында волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топ өкілдерінің қатысуымен Тағзым алаңы маңында эко-акция жүргізілді. Қатысушылар мәдени және тарихи демалыс аймақтарында тазалық жұмыстарын жүргізу арқылы қала жастарын тазалыққа және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге шақырады.Мықты энергия алмасу, жаңа орта қалыптастыру, шығармашылық білімдерін шыңдау осы 3 күндік лагерьде болды. 30 қазан күні қорытынды кеш барысында қатысушылар сертификаттары мен қалалық ішкі саясат бөлім басшысының арнайы алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Бекен Жамбылов,

«QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығының маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: