Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белгілі академик-ғалым дүние салды

26.06.2026, 17:30 46

81 жасқа қараған шағында көрнекті қазақстандық ғалым, академик Қайрат Қамалұлы Қадыржанов өмірден озды. Бұл туралы halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы халықаралық қор көрнекті қазақстандық ғалым, академик Қайрат Қамалұлы Қадыржановтың дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қайрат Қамалұлының өмірден озуы – отандық ғылым мен бүкіл еліміз үшін орны толмас ауыр қаза. Ол бүкіл саналы ғұмырын ядролық физиканы дамытуға, жас ғалымдарды тәрбиелеуге және Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайтуға арнап, әріптестері мен шәкірттерінің зор құрметіне ие болды. Қайрат Қамалұлының ғылымға адалдығы, жоғары кәсібилігі және Отанға сіңірген еңбегі туралы жарқын естелік жүрегімізде мәңгі сақталады. Орны толмас қайғыға ортақтасып, отбасы мүшелеріне, туған-туыстарына, достарына және әріптестеріне шынайы көңіл айтамыз», – делінген жұма күні жарияланған хабарламада.

Қайрат Қамалұлы Қадыржанов 1945 жылғы 5 желтоқсанда Талдықорған қаласында дүниеге келген.

Ол физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, радиациялық физика, ядролық технологиялар және радиациялық экология саласындағы Қазақстанның жетекші ғалымдарының бірі болды. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының, Халықаралық инженерлік академияның және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.


Фото: turkystan.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: