Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Барлығы сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін

31.03.2020, 14:31 967

Құрметті қала тұрғындары!


         Қызылорда қаласында коронавирус инфекциясының таралып кетуінің алдын алу мақсатында карантин жарияланды. Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігерінің 30.03.2020ж. №4 қаулысымен 31 наурыз сағат 00:00-ден бастап қалаға көліктің барлық түрлерінің келуіне және шығуына тыйым салынады. Өңірімізде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты, бұл індеттің әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында қарқынды шаралар қабылдануда:

         – Коронавирустың таралуының қазіргі жағдайын ескере отырып, азық-түлік тауарларын, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған тауарларды әкелуді және әкетуді қамтамасыз ететін және өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін автокөліктерді қоспағанда, 14 тәулікке келесі көлік түрлері (авто, әуе көлігі) үшін Қызылорда қаласының аумағына кіруге және шығуға тыйым салынады.

         – Соңғы станциясы Қызылорда қаласының станциясы болып табылатын жүк, жолаушылар қатынастарынан басқа, барлық жолаушылар теміржол қатынастарының қызметі 01.04.2020 жылғы 00:00 сағаттан бастап тоқтатылады.

         – Діни үйлердің, балабақшалардың, базарлардың (мал, автомобиль және т.б.), сауда үйлерінің, азық-түлік емес сауда орталықтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік құрылымдардың барлық түрлерінің, оның ішінде жеке тұрған азық-түлік емес дүкендердің, автосалондардың, автоқосалқы бөлшектер сату салондарының, гүл павильондарының, химиялық тазартулардың, кір жуу орындарының, фотоательдердің, фотосалондардың, оптикалардың, ломбардтардың, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктердің, техникалық қызмет көрсету станцияларының, сауналардың, фитнес-клубтардың, тренажер залдарының, спорт кешендерінің, бассейндердің, сұлулық салондарының, спа-орталықтардың, студиялардың, компьютерлік және интернет клубтар, букмекерлік конторалар, бильярд клубтары, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді, қонақүй кешендерін, көрмелерді және басқа да осындай қызмет көрсету саласындағы объектілерді жалға алу қызметтері және басқа да халық көп шоғырланған нысандардың жұмыстары уақытша тоқтатылады.

         – Азық-түлік гипермаркеттерінің, оптомаркеталарының, супермаркеттердің, минимаркеттердің, дүкендердің, азық-түлік сөрелерінің, дәріханалардың және бірінші кезекте қажетті тауарлар саудасының жұмысын күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жұмыс жасайды.

         – Мейрамханалардың, дәмханалардың, асханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану объектілерінің «Клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10-00-ден 20-00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жұмыс істейді.

         – Сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін уақытты шектей отырып, қоғамдық моншалардың жұмысын күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен, ал шаштараз және автожуу бекеттері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

         – Санитарлық нормалар күшейтілді. Дезинфекция барлық әлеуметтік нысандарда, вокзалдар, автовокзалдар мен базарларда, сауда ойын-сауық орталықтарында, тұрғын үй кешендерінің кіреберістерінде, қонақүйлерде, сондай-ақ аялдамаларда, автобустарда және т.б. тиісті жерлерде күшейтілген режимде жүргізілуде.

         Қадірлі жерлестер!

         Елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай қала әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топтар тәулік бойы тиісті нұсқаулыққа сәйкес қауіпсіздік шараларын жан-жақты жүргізуде.

         Бұл шаралар Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін қабылданып отыр. Баршаңызды ресми ақпарттарға назар аударып, үйден шықпауға, талаптарды қатаң сақтап, түсіністік танытуларыңызды сұраймын.

#Bizbirgemiz

Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: