Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бар базарлық балаларға арналады

03.03.2023, 16:45 215

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданында биыл «Sumkavroddom» сауда үйі ашылды. Сауда үйіндегі сөрелерде бүлдіршіндер үшін жаңа үлгідегі киім-кешектер мен түрлі қажетті тауар түрлері бар. Жеке кәсіпкер Бекарыс Темірбай жаңа кәсібіне 10 млн теңгеден астам қаржыға салып, толықтай іске қосты.

700 шаршы метр аумақты алып жатқан сауда үйінде баланы басынан бақайшағына дейін түгелдей киіндіруге болады. «Sumkavroddom» дүкенінде жылдың төрт мезгіліне арналған киімдердің сан алуан өлшемдері бар. Мәселен, жаңа туған сәбиден 12 жасқа дейінгі балаларға арналған киімдердің түрі көп. Бағасы да қолжетімді. Киімдердің құны мың жарым теңгеден басталады. Сәбилерге арналған тағам түрлерінің де кең таңдауы осында. Ойыншықтар мен қуыршақтар, мектепке қажетті құралдар және гигиеналық бұйымдар сияқты бүлдіршіндерге қажетті бұйымның бәрін осы жерден табуға болады.

– Бұйымдар мен тұтыну тауарларының сапасына өзіміз кепіл береміз. Біздің дүкеннің ерекшелігі босанайын деп отырған ана перзентханаға қажет заттарды мұнда таба алады. Босанатын әйел үшін ішкөйлек, сүйретпе аяқкиім мен ауызсу, ал бала үшін жөргек, киім-кешек, баскиім, шұлық пен жаялық, шала туылған балаларға да киім бар. Дайын перзентхана сөмкелерінің үш түрі бар, бағалары 12 мың теңгеден басталады, – дейді кәсіпкер.

Сауда үйінің директоры Бекарыс Темірбайдың айтуынша, 10 адамды жұмыспен қамтып отыр, алда қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде. Кішкентай тұтынушыларға есігін айқара ашқан дүкеннің тауарларына сұраныс жоғары. Барлық аудан, облыстарға жеткізу бар. Ал, киімдерді несие арқылы да сатып алуға болады. Сондай-ақ, мұнда нәрестелерге арналған арбалар, бесіктер, манеждер, ойыншықтар да сатылады. Айтып өтейік, сауда үйі Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде орналасқан.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: