Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі Жаңадария халқымен кездесті

29.03.2023, 11:00 486

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес Жалағаш ауданының әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлының кент және ауылдық округтердегі халықпен кездесуі Жаңадария ауылдық округінен бастау алды. Жаңадария ауылы халқының ұсынысына сәйкес жаңа жобалар жүзеге асырылатын болады.

Жаңадария бағытындағы ұзындығы 17 шақырым автомобиль жолы жөнделеді. Жоба құны 391,1 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ, жалпы құны 10 млн теңгені құрайтын балалар ойын алаңы салынады. Бағаны тұрақтандыру мақсатында Жаңадария ауылынан картоп, бақша дақылдарын орналастыруға 50 га жер дайындалды.

Аудан басшысы ауыл халқының «Асар» әдісі арқылы салған каналына өткел жасау мәселесін шешуді жауапты сала басшыларына тапсырды. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Жаңадария қауынын сатуға арналған арнайы орын әзірленетін болады.

Кездесу соңында аудан басшысы ауылдың әлеуетін дамыту мақсатында ауыл әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: