Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол қателікті кешірмейді

15.02.2021, 11:00 427

HALYQLINE.KZ  Қызылорда гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің әуесқой автокөлік иелері төрағаларымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және 2020 жылдағы болған жағдайларға талдау жасау мақсатында әдістемелік жиын өтті.

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Нұрмұхаммед Сейдуалиевтің жетекшілігімен өткен жиында, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің аға маманы (инспектор)-жүргізушісі ефрейтор Жасұлан Іскендіров жеке құрам қауіпсіздігінің алдын алу үшін жол-көлік оқиғаларына қатысты сақтық шаралары мен көлікпен жол жүру ережелері туралы баяндама жасады.

Жиынның негізгі мақсаты – әскери қызметшілерде жол апаттарын болдырмау жолдарын қарастыру, автокөліктерді қалай дайындау керектігін түсіндіру және автокөлік жүргізудегі мәдениеттілікті арттыру.

Жиын барысында әуесқой автокөлік иелері төрағаларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы Бас басқармасы бастығының жол-көлік оқиғаларына қатысты сақтық шаралары мен көлікпен жол жүру ережелері туралы 2021 жылға арналған талаптары түсіндірілді.

Сонымен қоса, жол жүру ережелеріне енгізілген жаңа заңдылықтар мен 2020 жылы құқық бұзушылыққа жол берген әскери қызметшілердің қателіктері де жеткізіліп, алдағы уақытта автокөлік иелеріне аталған кемшіліктерді қайталамауды жеткізу тапсырылды.

– Қызылорда гарнизонында жеке автокөлік иелерімен теориялық, іс-тәжірибелік сабақтары жиі өткізіліп тұрады. Автокөлік жүргізушілері мен автокөліктерінің құжаттары, қатаң күн райына дайындығы мен жабдықталуы да бақылаудан өтеді. Кей жағдайларда қажетті тапсырмалар да беріледі. Жоспарға сай өтетін тексеру жұмыстары өз нәтижесін беруде, – дейді Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің аға маманы (инспектор)-жүргізушісі ефрейтор Жасұлан Іскендіров.

Іс-шара соңында, әділет майоры Нұрмұхаммед Сейдуалиев көлікпен жол жүру ережелерін қатаң сақтауды талап етіп, әскери бөлім мен мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар қойды.

Мұхит ҚОНАРОВ,

сержант, Қызылорда гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: