Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

04.02.2021, 14:00 579

HALYQLINE.KZ  Қызылорда гарнизонындағы Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жеке құраммен іс-шара ұйымдастырылды.

Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәжіліс залында Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі аға офицері, әділет майоры Әлімжан Ерімбетов пен Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, әскери құқықтық біліктілікті арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 2020 жылда атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, осы салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, шара кезінде жеке құрамға жемқорлыққа қарсы арнайы түсірілген әсерлі бейнероликтер көрсетілді. Азаматтардың Қарулы Күштерге деген сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатындағы «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобасы аясында әрбір қызметші аянбай еңбек ету керектігі сөз болды.

Мұндағы негізгі мақсат, алдағы уақытта қорғаныс істері жөніндегі департаментіндегі әскерилер арасында заң бұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу.

Жиын барысында, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі аға офицері, әділет майоры Әлімжан Ерімбетов: «Қарулы Күштеріміздегі заңдылықтарды ескере отырып, ешқашан жемқорлыққа жол берілмеуі керек. Әрбір атқарылған жұмыстар қатаң бақылауда. Елімізді қорғау саласында игі, адал істер атқарсақ еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға өз үлесімізді қосқанымыз болады», – дей келе, сыбайлас жемқорлық нәтижесінде Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметшілердің қатысуымен орын алған құқықбұзушылықтар жөнінде жеткізді.

Жиын соңында Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов мекеме жеке құрамын заң аясында бірлесе қызмет атқаруға шақырды.

Мемлекетіміздің өркендеуіне теріс әсерін тигізетін сыбайластықты болдырмау мақсатында аталған мекемеде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Мұхит ҚОНАРОВ,

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: