Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жалғасуда

12.02.2021, 10:30 1023

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы негізінде Қызылорда облысында осы жылы он жеті жасқа толатын жасөспірімдерді әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілуде.

Қызылорда облысында осы жылға жоспарланған есептерге сүйенсек, бес мыңнан астам азамат әскери есепке алынады. Аймақта осы уақытқа дейін үш мыңнан астам жасөспірім әскери есепке тіркеліп те үлгерді. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде лауазымды тұлғалар азаматтардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін белгілеу үшін олармен әңгіме жүргізіп, қажетті құжаттарын тексеруде. Сонымен қатар, белгіленген тәртіппен медициналық комиссиядан өткен азаматтар тіркеу жөніндегі комиссия шешімімен әскери есепке қабылдануда.

«Жергілікті әскери басқару органдарының қызметшілері жасөспірімдердің білім деңгейін, санын, дене дайындығы мен әскери қызметке жарамдылығын анықтап, әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын жүргізуде. Науқан барысында азаматтарға әскери қызметтің мүмкіншіліктері мен болашағы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсу қағидалары жан-жақты түсіндірілуде», – дейді Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери-патриоттық жұмыс және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс қызметінің бастығы, майор Ерлан Абдуллаев.

Жоғарыда аталған барлық тексерулерден өткен жасөспірімдерге шақыру учаскесіне тіркеу куәлігі жазылып, алғашқы әскери құжат берілетін болады.

Азаматтарды әскери есепке тіркеу науқаны барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілуде.

Айта кетсек, он жеті жасқа толатын жасөспірімдерді шақыру учаскелеріне тіркеу елімізде жыл сайын, қаңтар айынан наурыз айына дейін жалғасады.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: