Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ардагер журналиске құрмет көрсетті

30.06.2026, 8:25 27

HALYQLINE.KZ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Арал ауданы әкімі Аманжол Оңғарбаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ардагер журналист, Арал ауданының Құрметті азаматы Шәкірат Дәрмағанбетовтің шаңырағына арнайы барып, кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Аудан басшысы абыз ақсақалға ізгі тілегін, аймақ басшысының құттықтауын жеткізіп, мерекеге орай сый-құрмет көрсетті.

Ғұмырын білім беру мен журналистика саласының дамуына арнаған қарт қаламгер бүгінде 98 жастың төріне шықты. Саналы ғұмырында ел өмірінің өзекті мәселелерін қаламына арқау етіп, өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосқан ардагер журналист бүгін де ауданның тыныс-тіршілігін бір сәт назардан тыс қалдырған емес.

Өз кезегінде Шәкірат Дәрмағанбетов мереке қарсаңында арнайы келіп, құрмет көрсеткен аудан әкімі Аманжол Сақыпұлына және ел азаматтарына шынайы ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: