Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдық тұрғын есірткімен ұсталды

22.01.2020, 8:36 386 0

Патрульдік полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 36 жастағы Арал ауданының тұрғыны ұсталды. Полиция қызметкерлері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолында күдік тудырған жеңіл автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру жұмыстары барысында автокөліктің артқы салонынан ерекше иісі бар 2 дана полиэтилен пакет және газетке оралған ерекше иісі бар шөпке ұқсас зат алынған. Сараптама қорытындысы негізінде оның 1 келіге жуық  «кептірілген марихуана» екені белгілі болды.

– Бүгінгі күні күдікті Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің  баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: