Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал ауданында 1000-ға жуық жолаушыға ыстық тамақ үлестірілді

08.02.2024, 16:55 155

2024 жылы 7 ақпан күні сағат 11:30 минуттан бастап, Ақтөбе облысын аумағында қатты боран болуына байланысты Ақтөбе бағытына қарай Арал қаласынан 20 шақырым қашықтықта жол патрульдік полицияның 6 инспекторы 3 автокөліпен «Самара-Шымкент» автомобиль жол бойын жауып жұмыс істеп жатыр.

Бүгінгі күні, Ақтөбе облысына бағыт алған барлығы 807 авто көлік (584 жүк көлігі, 13 жолаушылар көлігі, 210 жеңіл көлік) және 1000-ға жолаушы тұрақталуда.

– Қазіргі таңда, жолдың жабық болуына байланысты арнайы штаб құрылған. Жергілікті ерікті жастар, мекемелер және кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен жолаушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылуда (10 қазан палау). Онымен қоса баласы бар 49 әйел және 16 ер адам колледж жатақханасына орналастырылды.

Сонымен қатар, екі мезгіл медицина қызметкерлері жолаушыларды аралап денсаулығына байланысты зерделеу жүргізуде, – деп хабарлайды Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты бақылауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: