Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Apple Қытайдағы дүкен мен кеңселерін жапты

03.02.2020, 17:15 412

Apple компаниясы Қытайдағы барлық кеңселері мен офлайн дүкендерін 9 ақпанға дейін жабады. Интернет-дүкен жұмысын жалғастырады.

Компания бұл шешімді коронавирустың өршуіне байланысты сақтық шарасы ретінде қабалыдағанын атап өтті, сондай-ақ барлық зардап шеккендерге қолдау білдірді.

Apple жағдайды бақылауға және дүкендерді мүмкіндігінше тезірек ашуға уәде берді.

Бұл ретте, компанияның серіктесі Foxconn басқаратын Apple-дің Қытайдағы өндірісі жұмыс істей ме, жоқ па әлі белгісіз, деп жазды The Verge.

Айта кетейік, Қытайдағы қызметін басқа компаниялар да уақытша шектеген. Bloomberg: Starbucks желісі елдегі 2 мыңға жуық нүктені жауып тастады. Ал Honda мен Nissan автоөндірушілері Уханьдегі жұмысшыларын эвакуациялады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: