Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол жөндеу қарқынды жүргізіліп жатыр

16.07.2021, 15:30 316

HALYQLINE.KZ Биыл аймақта ұзындығы 360 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөндеуден өткізілуде. Оған 4 мемлекеттік бағдарлама арқылы республикалық бюджеттен 10.8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов мәлімдеді.

– Бүгінде «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендердің 64 көшесіне орташа жөндеу жұмысы жүруде. Бұған қоса, Қазалы қаласындағы 10 көшені қайта жаңғыртуға 735,6 млн теңге бөлінді. Ал «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 774,3 млн теңге бөлініп, шаһардың сол жағалауын дамыту мақсатында үш жоба жүзеге асырылуда. Жол жөндеу жұмыстары арнайы авторлық және техникалық қадағалаушы мамандармен күнделікті бақылауда болады. Сонымен қатар, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» кәсіпорнымен жол құрылысына қолданылатын материалдарды алдын ала зертханалық тексеруден өткізу, жол жөндеу жұмыстары барысында асфальттың сапасына сараптама жүргізу қызметтерін көрсету ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстарға көрсеткен қызметі үшін «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» кәсіпорнына 94,0 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп, келісім-шартқа отырды, – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Сондай-ақ, тамыз айында сол жағалаудағы Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін бойлай орналасқан магистралды көше құрылысы аяқталып, халық игілігіне беру жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: