Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа көпір ашылды

03.06.2025, 15:25 67

HALYQLINE.KZ

Аймақ басшысының қолдауымен қаладағы жол-көлік инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Соның бір дәлелі – «Қызылжарма» каналы арқылы Тасбөгет кенті мен қала орталығын байланыстыратын автомобиль көпірі қолданысқа берілді. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылы 4 жолақты етіп кеңейтіліп, «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің салынуы көлік ағынын реттеп, кептелістің азаюына септігін тигізбек.

Ұзындығы 47 метрді құрайтын көпір 2 жолақты жолымен салынды. Құрылыс жұмыстары 6 ай мерзімге белгіленсе де, «Сервис НС» серіктестігі тәуліктің қай мезгіліне де қарамастан еселі еңбек етіп, жобаны мерзімінен бұрын аяқтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: