Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төтенше жағдай уақытында той өткізгендер жазаланады

25.03.2020, 10:25 399

Баршаңызға мәлім, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес төтенше жағдай режимі кезінде бірінші кезекте қоғамдық тәртіпті сақтау қатаң бақылауға алынды.

Стратегиялық маңызы бар объектілерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Адамдар көп жиналатын орындардың қызметіне сағат 22:00-ден кейін шектеулер қойылды.

Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салынды.

Соған қарамастан, облыс бойынша төтенше жағдай кезінде режимді бұзып, сағат 22:00-ден кейін жұмыс істегені үшін 20 кафе-тойхана иелеріне және үйлерінде той өткізгені үшін 2 үй иесіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен хаттамалар толтырылды.

Мысалы, Қазалы аудандық сотының қаулысымен 1 тойхана иесі 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынса, 1 тойхана иесіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабымен қылмыстық жауаптылық қаралғандығын түсіндіремін. Ол үшін 3 жылдан 7 жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Облыс бойынша төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін бірнеше тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің аталған бабымен 5 қылмыстық іс қозғалды, олар бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдай режимін бұзу жағдайлары бойынша қолданылатын жазаны барынша қатаңдатуды тапсырды.

Бұл ретте, төтенше жағдай кезінде белгiленген режимдi бұзу, талаптарды орындамау, көрінеу жалған ақпараттарды тарату жағдайлары бойынша қатаң шаралар қабылданатынын түсіндіреміз.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: