Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тілсіз жаудан сақтанайық

20.05.2020, 18:20 1122

HALYQLINE.KZ

Құрметті ата-аналар!

Өрт пен судың тілсіз жау екені баршаңызға мәлім. Өрт оқиғаларына келсек, көптеген өрт оқиғалары балалардың отпен (сірінкемен) ойнауынан болып отыр, яғни, ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан.

Бұндай өрт оқиғалары өте қауіпті, балалардың жарақат алуына, кей кездерде балалар өліміне әкеп соқтыруы мүмкін.

«Сақтансаң, сақтайды» деген ұғым бар, жалпы үйде жалғыз қалған бала не істейді деп ойлайсыз? Осы ұғымды сақтанған жөн.

Сондықтан, балаларды тұрғын үйлерде ата-анасының қараусыз қалдырмаңыз;

Тоқ көздерін, электр қондырғыларын (телевизор, магнитофон, тоқ пештерін және т.б), газ плиталарын мұқият қарап, тоқ көздерінен ажырағандығына көз жеткізіңіз;

Отты белгіленген орындарда (арнайы темір жәшіктерде) жағу және оны қараусыз қалдырмаңыз;

Сыртта ойнап жүрген балаларға көңіл бөліңіз;

Судағы қауіпсіздік бойынша қарапайым ереже талаптары:

Табиғатта демалу кезінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз, жүзу білмесеңіз суға белден аса тереңдікке бармаңыз;

Белгіленбеген орындарда суға түсуге рұқсат бермеңіз;

Қатты толқын кезінде суға түспеңіз;

Суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбаңыз;

Суға сынған банкілерді, әйнектерді лақтыруға жол бермеңіз;

Көпірлерден, дамбалардан, қайықтардан суға секіруге және сүңгуге тыйым салынады.

Жоғарыда аталған өрт, су қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтап, балаларыңызға насихаттап жүргендеріңіз абзал.

Шиелі ауданы Төтенше

жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: