Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр журналистері қайырымдылық шарасына үн қосты

11.05.2020, 9:40 282 0

HALYQLINE.KZ –| Қызылордалық журналистер #Birgemiz қайырымдылық шарасына үн қосты. Бүгін олар облыстағы тұрмыстық жағдайы төмен бірқатар отбасына азық-түлік себеттерін таратты.

Игі іске ақпарат құралдарының 60-қа жуық өкілі қатысты. Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш аудандарындағы 20-дан астам отбасының аса қажеттіліктерін алып берді.

– «Кең болсаң, кем болмайсың» деген. Сыр журналистері қасиетті Рамазан айында осындай игілікті іске жұмылып, көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын созды. Енді осындай қайырымдылық шараларын шама-шарқымызша жыл соңына дейін тағы ұйымдастырғымыз келеді. Бұл – ақпарат айдынында еңбек етіп жатқан, бірлігі мен тірлігі жарасқан сырбойылық журналистердің кең пейілінен туған бастама, – дейді «Qazaqstan» ұлттық арнасының облыстағы меншікті тілшісі Әділбек Жақанов.

Фото авторы: Нұрболат Нұржаубай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: