Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Самұрық-Қазына» жыл сайын «Қазақстан халқына» қорына ақша аударатын болады

13.04.2023, 16:14 278

«Самұрық-Қазына» ұлттық әуқат қоры   АҚ жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына таза табысының кемінде 7%-ін аударып отыратын болады. Қаражатты бөлу тәртібін реттейтін ережелер үкіметтің қаулысымен бекітілді.

Қаулыға сәйкес «Қазақстан халқына» қоры аударылған қаражатты белгіленген мақсатқа бағыттауға тиіс. Бұл күндері қор алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады.

Алғашқысы – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында қайырымдылық көмек көрсету;

Азаматтардың рухани, танымдық және өзге де гуманистік қажеттіліктерін қалыптастыру және қанағаттандыру үшін қоғамдық денсаулық, білім, ғылым, мәдениет, өнер, ағарту салаларындағы қайырымдылық жобаларын іске асыру;

Республикада қайырымдылық мәдениетін дамыту, қоғамның, бизнестің және мемлекеттің қайырымдылыққа сенімін нығайту, қайырымдылықтың барлық субъектілерінің ымырасы;

Төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде Қазақстан Республикасының зардап шеккен халқына көмек көрсету;

Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде құқық қорғау органдары, арнаулы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, ауыр жараланғандардың және қаза тапқан деп танылғандардың отбасыларын қолдау;

Қордың басқару органдарының шешімдеріне сәйкес өзге де қайырымдылық көмек.

 Еске сала кетейік, жыл сайын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ таза табысының кем дегенде 7%-ін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудару туралы бастаманы Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында айтқан болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: