Қызылорда қаласының қайырымды азаматтары сын сағатта көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруде. Қызылорда қаласының кәсіпкерлері қайырымдылық ісін жалғастырып, қиындықта қалған жандармен бірге болды.
Қала кәсіпкерлері «Nur Otan» партиясының #BizBirgemiz акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, ерекше қамқорлықты қажет ететін жанұяларға азық-түлік үлестірді.
Қайырылымдылық ісіне қаламыздың белгілі кәсіпкерлері, «Nur Otan» партиясының мүшелері атсалысты. «Абай Дәулет» ЖШС директоры, кәсіпкер, Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы 200 отбасыға, «Мағжан и К» ЖШС директоры, кәсіпкер Ерәлиев Мағжан Абзалұлы 100 отбасыға, «Най-мир» ЖШС 100 отбасыға күріш өнімдерін үлестірді. Сондай-ақ, қаламызда шағын кәсіпкерлік саласын дамытып отырған Смагұлов Қанат Смағұлұлы 50 отбасын, «Сыбаға» ЖШС директоры Ризванова Лейла Курбановна 200 отбасын көкөніс өнімдерімен қамтыды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!