Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазір халық тұтыну несиесін жетіскеннен алып жатқан жоқ

24.07.2026, 11:35 52

HALYQLINE.KZ

«Негізінде, үкімет президент алдында әрбір тоқсан сайын есеп беріп, жоспарлы экономиканың қалай орындалып жатқанын ашық айтып, кемшіліктер болса оны да көрсетіп, жанығып жұмыс істеп, жаңа идеялар тауып, жаңа жобалар ұсынуы тиіс. Қазір президенттің үкіметтен күтіп отырғаны – осы. Алайда бізде үкіметті жетектеп жүру керек, бағыт-бағдар айтып, тапсырма беру қажет. Өкінішке қарай, министрлерден де игі ниетті сирек көреміз. Мысалы, қазір халық тұтыну несиесін жетіскеннен алып жатқан жоқ. Шарасыздықтан несиеге батып қалды. Ал біздің министрлер «халық несие алса, демек, төлем қабілеті жақсы» деп елдің жағдайын жақсы етіп көрсеткісі келеді. Шын мәнінде олай емес. Ең қызығы, шенеуніктер елдің зейнетақысын, халыққа төленетін әлеуметтік төлемдерді, ең төменгі жалақыны өсіруге келгенде, «бұл – инфляцияға жол беретін үрдіс» деп, халыққа берілетін төлемдерді мардымсыз өсіреді. Ал өздері триллиондап сыйақы алып жатса да инфляция жайлы жақ ашпайды. Қазір халық пен атқарушы билік арасында диалог жоқ. Егер үкімет халықты кедейлік қақпанынан құтқарғысы келсе, алдымен қарапайым халықпен диалог орнатуы керек, одан кейін халықтың мүддесін қорғайтын, табиғатымызға сіңісті сауатты шешімдер қабылдануы керек».

Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ,

ғалым-экономист, профессор.

(«Жас Алаш» газетіне берген пікірінен)

Фото: azattyq-ruhy.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: