Қазақстандағы жоспарланған атом электр станциясынан электр энергиясының нақты тарифтері кешенді есептеулер аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады. Бұл туралы Қазақстанның атом энергиясы агенттігінің ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қоғамда ең көп сұрақ тудыратын — 15 жылға бекітілетін тарифтің көлемі. Бұл тарифтің құны жобаның нақты сомасына, эксплуатациялық шығындарға, несиелік міндеттемелерге және басқа қаржылық факторларға байланысты болады. Қазіргі кезде бұл есептеулер ведомстволар арасында пысықталып жатыр.
Агенттіктің өкілі атап өткендей, бастапқы кезеңде атом станциясының тарифі қазіргі көмір жағатын станциялардың тарифінен жоғары болуы мүмкін. Себебі көмір станциялары онжылдықтар бұрын салынған және олардың негізгі шығындары толығымен өтелген. Ал атом электр станциясының жобаланған қызмет мерзімі 60 жылдан асады, сондықтан тариф ұзақ мерзімде газ және көмір станцияларымен теңесуі немесе одан төмен болуы ықтимал.
Атом энергиясы жанармай нарығындағы баға құбылмалылығына тәуелсіз, сондықтан тариф ұзақ уақыт тұрақты болады, — деді агенттік өкілі.
Осылайша, тарифтің нақты параметрлері барлық есептеулер мен келісімдер аяқталғаннан кейін ғана жарияланады. Сондай-ақ уақыттық ақша құны тарифтің нарықтағы бүгінгі бағасынан айырмашылығы болатынын ескеру қажет.
Мысал ретінде Түркиядағы жағдай келтірілді. 2010 жылы электр энергиясының орташа нарықтық бағасы шамамен 5 цент/кВт-сағат болса, Түркия мен Ресей арасындағы үкіметаралық келісім бойынша 50% энергияға тариф 12,35 цент/кВт-сағат болды. Ал 2025 жылы нарықтық баға 15 цент/кВт-сағатқа жетті. Бұл жағдай жобаның іске асу кезеңінде келісімдегі тарифтің нарықтағы бағадан төмен екенін көрсетеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!