Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда Әнұран шырқалып, Құрылтай сайлауы басталды

23.08.2026, 7:01 47

Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау ресми түрде басталды. Таңғы сағат 07:00-ден еліміздегі сайлау учаскелері жұмысын бастап, азаматтар өз таңдауын жасап жатыр. Биыл Құрылтайдағы 145 депутаттық мандатқа жеті саяси партиядан 545 кандидат тіркелген.

Дауыс беру таңертеңнен басталып, елдің әр өңірінде сайлаушылар учаскелерге келіп жатыр. Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің аумағында да 36 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Елордадағы 5573 әскери бөлімінде орналасқан №266 учаскеде алғашқылардың бірі болып ҚР ІІМ орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков дауыс берді. Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінің №27 учаскесінде 300-ден астам әскери қызметші дауыс беріп, олардың 40 пайыздан астамы сайлауға алғаш рет қатысып отыр.

Қазақстанмен қатар шетелдегі сайлау учаскелері де кезең-кезеңімен ашылды. Сеул мен Токиода, Қытайда, Малайзияда, Сингапур, Индонезия және Вьетнамда жүрген қазақстандықтар дауыс беруге кірісті.

23 тамыз – Құрылтай депутаттарын сайлау күні. Сайлау алдындағы үгіт 22 тамызда аяқталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: