Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша көш бастады

19.05.2023, 13:25 200

Finprom агенттігі Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орынға шыққанын хабарлады.

Интернет жылдамдығы бойынша рейтингте Қазақстан 11 сатыға жоғары көтеріліп, 72-орынға тұрақтақтаған. Сөйтіп, Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр. Рейтинг қорытындысы бойынша, Армения – 80-орында, Қырғызстан – 83-орында, Өзбекстан – 104-орында, Беларусь – 126-орында, Тәжікстан – 129-орында.

«Жалпы, Қазақстандағы интернет жылдамдығы бір жылда 47,9%-ға артқан. Көрсеткіш 2022 жылдың сәуірінде секундына 20,7 мегабит болса, 2023 жылдың сәуірінде секундына 30,62 мегабитке дейін көбейген. Басқа елдермен салыстырғанда айырмашылық айтарлықтай байқалады», – делінеді хабарламада.

Арменияда жылдамдық секундына 26,25 мегабитті, Қырғызстанда секундына 25,83 мегабитті, Өзбекстан мен Тәжікстанда секундына 20,9 және 11,38 мегабитті құрайды. Агенттіктің мәліметінше, Орталық Азияда 2022 жылдың соңында «Tele2 Қазақстан-да» көрсеткіш жақсы болған. Мұндағы жылдамдық – секундына 27,25 мегабитке тең.

Екінші орындағы «MEGA Қырғызстан» жылдамдығы – 23,56 Мбит/с.

finprom.kz мәліметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: