Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда әлеуметтік дүкен ашылды

16.03.2020, 14:40 1509

Қазалыда әлеуметтік «Рахмет» дүкені ашылды. Бұл жобаны Әйтеке би кенті әкімі аппаратының қолдауымен Асылхан Дәрібаев басшылық жасайтын аудандық жастар ресурстық орталығы қолға алып отыр.

Бұл дүкеннің негізгі мақсаты – ауданымыздағы мейірімді жандарынан келіп түскен киімдер мен тұрмыстық заттарды тұрмысы төмен отбасыларының балаларына табыстау.

Әлеуметтік дүкеннің ашылу салтанатында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев құттықтау сөз сөйлеп, жастардың жақсы бастамасына оң болсын айтты.

Дүкен Әйтеке би кенті әкімі аппараты ғимаратының екінші қабатында орналасқан. Дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, бұдан бөлек «Birgemiz»: «Qamqor» жобасы аясында Арықбалық, Құмжиек ауылдық округтерінде тұрмысы төмен отбасыларына арналған әлеуметтік дүкен ашылып, жұмыс істеуде. Халық үшін тиімділігі мол мұндай игілікті жұмыстар алдағы уақытта да басқа да ауылдық округтерде ашылмақ.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: