Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өскемендік әйел Қызылордада қайдан жүр?

20.11.2020, 10:30 401

HALYQLINE.KZ Күздің соңғы айында Қызылорда өңірінде күн райы күрт өзгерді. Күн суытып, 20-25 градусқа дейін жетті. Осы ызғарлы күндерде қала көшелерінде көпқабатты үйлердің аулаларында тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтарды жиі көреміз.

Тағдырдың тәлкілегіне ұшыраған бұл азаматтарға көмектесу кімнің де болса азаматтық парызы болып саналады. Күн-түн демей ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ел тыныштығын күзеткен сақшылар, осы азаматтардың қиын жағдайына бейжай қарамайды. Осыған орай, Қызылорда қалалық басқармасы басшылығының бастамасы мен қала көлемінде «Қаңғыбас» іс-шарасы өтуде. Шара аясында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аймақтарында тынымсыз еңбек етіп, қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға көмек көрсетуде. Мәселен, кеше қала орталығындағы сауда үйлерінде бірінде, 1984 жылы туған әйел табылды. Тексеру барысында табылған азаматшаның Өскемен қаласының тумасы екендігі, ол тамыз айында із-түзсіз жоғалғандығы анықталды. Бұл азаматша Ақтөбе қаласында аспаз болып жұмыс істеген, бірақ көп ұзамай жұмыстан шығып, Қызылордаға келген.

Барлық жеке құжаттарын жоғалтып, шарасыздықтан ішімдікке салынып кеткен. Аязды, ызғарлы күні тоңып қалған азаматшаны полицей қызметкерлері дереу полиция пунктіне жеткізіп, тамақтандырып, қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізді. Онда әйел тегін тамақпен және қажетті медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Өз кезегінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері Өскемендегі әріптестерімен байланысқа шығып із-түссіз жоғалған әйелдің аман-есен табылғанын хабарлады. Жақын арада әйелдің туыстары келіп үйіне алып қайтатын болады.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: