Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңір басшысы Сәпен Аңсатовты қабылдады

05.06.2020, 21:45 1128

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова  Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәпен Аңсатовты қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Сәпен Аңсатов жастарға отбасы құндылығын насихаттайтын кешенді жоспар дайындауды және алаш ардақтысы Темірбек Жүргеновке арналған көркем фильм түсіру мәселесін көтерді.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ішкі саясат басқармасы басшысына жастарға отбасы құндылығы, бала мен ата анаға деген құрметті дәріптейтін кешенді бағдарлама әзірлеуді жүктеді. Сонымен қатар, Темірбек Жүргеновке арналған көркем фильм мәселесін сала мамандарымен ақылдасатынын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: