Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өндірісті дамытуға жаңа мүмкіндіктер

17.11.2026, 17:50 90

Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде өңдеу өнеркәсібін дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері қаралды.

Аудан әкімі өз сөзінде өңір экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру және бюджет кірістерін ұлғайту кәсіпкерлік пен өндіріс саласының дамуымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Отандық өндірісті дамыту – экономикалық саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Біз тек сауда-саттықпен немесе қызмет көрсету саласымен шектелмей, аудан аумағында нақты өнім өндіретін кәсіпорындардың санын арттыруға басымдық беруіміз қажет. Жергілікті кәсіпкерлерді қолдап, өндіріс орындарының ашылуына және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың әлеуетін арттыруға жағдай жасау маңызды», – деді аудан әкімі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жомарт Ақбергенов баяндама жасап, аудандағы өндіріс орындарының қазіргі жағдайы, отандық өнім өндірушілерді қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы мәлімет берді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты сала басшыларына отандық өндірісті дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандырып, кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету және тиісті тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: