Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Маңызды мәселелер талқыланды

17.11.2026, 17:40 89

Бүгін облыс әкімінің қатысуымен өткен жиыннан кейін Арал ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрмұхамет Бохаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

Жиында отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды.

Ағымдағы жылдың 10 айында ауданда өңдеу өнеркәсібі саласында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға өсім қалыптасты. Сонымен қатар, жыл басынан бері 140 кәсіпкерлік жоба қаржыландырылған.

Осы ретте, бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын бақылау, кәсіпкерлердің міндеттемелерінің орындалуын зерделеу және ауылдық округтерде кәсіпкерлік жобаларды қаржыландыру жұмыстарын жандандыру жөнінде жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Әсіресе, «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, әрбір ауылдық округтен кемінде екі жобаны қаржыландыру қажеттігі атап өтті.

Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамет Омарұлы барлық тапсырмалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету басты назарда болатынын атап өтті.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: