Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кімдердің коммуналдық шығыны өтеледі?

05.05.2020, 12:14 592 1

HALYQLINE.KZ –| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №212 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне сәйкес коммуналдық қызметтерді жеткізушілерде жеке шоттары болған кезде коммуналдық шығындарды өтеуге құқығы бар адамдардың санаты:

1. 1,2,3 топтағы мүгедектер;

2. Мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілгендер;

3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

4. Көпбалалы отбасылар (4 бала және одан жоғары);

5. Ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер;

6. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, ғарыш кеңістігіне дайындалу немесе ұшу кезінде, адам өмірін сақтауда, заңды және тәртіпті қорғау кезінде қайтыс болған адамдардың отбасы;

7. Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.

Шығындарды өтеу жоғарыда көрсетілген адамдардың санатына жүгіну негізінде және карантин енгізілген елді мекендерде ай сайын бір тұтынушыға он бес мың теңге мөлшерінде төленеді. Бұл жағдайда есептеу төлем кезеңінің тұтастығын бұзбай, яғни тиісті айдың бірінші күнінен бастап соңғы күніне дейін жүргізіледі.

Коммуналдық шығындарды өтеу үшін тұтынушылар жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоты туралы ақпаратты көрсете отырып, www.15.epd.kz ақпараттық веб-сайты және 400-700 нөмірлі байланыс орталығы арқылы осы жылдың 5 мамырынан бастап сағат 09:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта түскі үзіліссіз, демалыссыз өтініш бере алады.

Қабылданған өтініштерде көрсетілген ақпараттарды тиісті құзырлы органдармен және коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан расталғаннан кейін төлем төлеуге жолданады.

Әрбір өтініш иесі берген өтінішінің орындалу барысын www.15.epd.kz ақпараттық веб-сайты арқылы көруге мүмкіндігі болады.

Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қызметтердің тізімі:

1. «Қызылорда Су жүйесі» МКК, 23-03-03.

2. ДТОО «Энергосервис», 40-09-70, 8-771-936-54-01, Диспетчер 40-07-47, 8-771-040-07-47.

3. «КазТрансГаз Аймақ» АҚ, жауапты оператор 8-771-012-12-11.

4 «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК, 8-777-452-64-70.

5 «Қызылорда тазалығы» ЖШС, 22-10-26, 22-35-42 8-777-454-28-14.

6 «ОДСП Арал», 70-08-42, 8-707-791-01-47.

7 «Теміржол су» ЖШС, 29-25-21, 8-701-425-19-80.

Ескертпе:

Егерде абоненттің дербес шоты анықталмаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің жауапты мамандарына хабарласуына болады.

Өтініш білдірген абоненттер өз өтініштерінің қаралу барысын www.15.epd.kz арқылы білуге болады.

Пікірлер:
  • Саламатсызба. Менің уйім атыма аударылмаған. 3топ мүгедектік тағайындалған қызым бар. Свет бұрынғы егесінің атында, жылу өзімде ол қалай болат???
    Алдын ала рақмет

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: