Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Электрмен қайта жабдықтау жұмыстарымен танысты

31.08.2026, 9:05 33

HALYQLINE.KZ

Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Сәкен Сейфуллин елді мекеніндегі электрмен қайта жабдықтау жобасының іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Аудан басшысы жауапты мердігерлерге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше мән беруді тапсырды.

– Тұрғындар өтінішіне сәйкес елді мекенді сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Монтаждау жұмыстары бекітілген жобаға сәйкес сапалы жүргізіліп, белгіленген мерзімде аяқталуы қажет. Әрбір жұмыс кезеңі тұрақты бақылауда болуы тиіс, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Электрмен жабдықтау жобасының жалпы құны – 617,9 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын «Нұрай-Ақжол РГ» ЖШС жүргізуде. Құрылыс алаңында 4 техника және 9 жұмысшы жұмылдырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: