Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Электр энергиясы қымбаттайды

28.04.2023, 15:40 201

HALYQLINE.KZ Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жазда электр энергиясы қымбаттайтынын айтты.

«Жазда тарифті 10-30% өсіруді жоспарлап отырмыз. Баға әр өңірде әр түрлі болады. Мысалы, Екібастұзда 108%-ға өседі, біз олай ете алмаймыз. Біз бірнеше есе түсірдік, талқылап жатырмыз, тарифтер халыққа қолайлы болу керек. Бұл ретте біз ресурстарды үнемді пайдалануымыз керек. Белгілі бір пайалану шегі болуы керек, орташа тұтынудан жоғары болған жағдайда басқаша тарификация болады», – деді Қуантыров сәрсенбідегі мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, қай өңірде тарифтің қалай өсетіні желілердің тозығына байланысты белгіленеді.

 – Тағы бір айта кететіні, неге тарифті биыл көтеру жоспарлануда – себебі ТҮКШ қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі, бұл дегеніңіз жалақысы бірнеше есе төмен бірнеше жүздеген адам. Олар слесарьлар, сантехниктер, олар желілерді сапалы ауыстыру жұмыстарын жүргізулері керек, біз бен сіздің қауіпсіздігіміз соған байланысты», – деп мәлімдеді министр.

Еске салса кетсек, жуырда ғана АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін көтеріліп, өсім 11 процентті құрады. Ал дизель отыны бағасы литріне 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін көтеріліп, өсім 20 пайыз болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: