Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Фейсбуктағы фейктер бұғатталатын болды

17.02.2020, 11:40 392

Әлеуметтік желілер арқылы сайлау үрдісіне ықпал ету әрекеттері шетелден емес, дауыс беріліп жатқан елдің ішінде көбірек орын алады. Бұл туралы Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Facebook корпорациясының басшысы Марк Цукерберг мәлімдеген. Соңғы жылдары сайлауға ықпал ету әрекеттері қиынға түсетенін және соған байланысты Facebook ауқымды қорғаныс шараларын қабылдап жатқанын атап өтті.

«Біз алдын алу шараларына мән беруге мәжбүрміз. Атап айтқанда, осы бағытта тиісті шараларды қабылдаудың жаңа тәсілдерін дайындаудамыз», – деді ол.

Бұл тұрғыда жасанды интеллект жүйесі әзірленуде. Енді олар жалған аккаунттарды тиімді анықтай алады. Соңғы уақытта біз осындай бірқатар аккаунттарды бұғаттадық. Осындай аккаунттарды анықтауға қауқарлы күрделі жүейелеріміз бар, – деді Марк Цукерберг.

Сондай-ақ ол көптеген жасанды парақшаларды бұғаттау жүргізілетінін және олар көп жағдайда парақша ашылғаннан кейін 1 минуттан кейін жабылатындығын да ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: