Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екі балықшының мәйіті судан шығарылды

01.04.2020, 11:19 382

2020 жылдың 30 наурызында 08 сағат 53 минутта Арал ауданы №3 МӨСБ-нің байланыс бекетіне 29 наурызда Арал ауданы Аққұлақ елді мекенінің екі тұрғыны Кіші Арал теңізіне балық аулауға шығып, қайта оралмағаны туралы Арал ауданы әкімі аппаратынан хабар түсті.

Хабарлама бойынша іздестіру жұмыстарына 30 наурызда ТЖД Өрт сөндіру қызметінің  құтқару жасағының Арал ауданы құтқару бөлімшесінен 4 қызметкер, 1 техника, сүңгуір құрал-жабдықтарымен шықты. Сонымен қатар, іздестіру жұмыстарына жергілікті атқарушы органнан 6 қызметкер, 2 техника, аудандық полиция бөлімінен 6 қызметкер 2 техника жұмылдырылды.

Оқиға орны – Арал қаласына 160 шақырым.

Іздестіру жұмыстары барысында сағат 15.54-те балықшылар күшімен 1974 жылы туған азамат Қ.С. мәйіті, ал 14.50-де құтқарушылардың күшімен 1998 жылы туған азамат Т.Т. мәйіті табылып, судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне табысталды.

Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: