Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Данияр Есен: «Ұтыс ойындары ешқашан әділ өтпеген»

02.05.2020, 11:41 564

HALYQLINE.KZ –| Менің арманым – бүкіл ата-ана сауатты, білімді, интеллектуалды болса екен…

Білімді, сауатты ата-ана баласын ұрмайды, баласына ұрыспайды, бала тәрбиелеуде креативті әдіс-тәсілдерді қолданады.

Бірақ, өкінішке қарай, қанша жерден жасырып-жабсақ та қоғамда сауатсыз, білімсіз ата-аналар бар. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ, «өмірінде бір кітаптың бетін ашып көрмеген ата-ана баласына қалай тәрбие береді екен?» деп кейде ойланамын. Ондай ата-ананың күні-түні істейтін ермегі – танымал адамдардың инстаграмын аңду. Не болмаса 3 сағаттық пайдасыз бағдарламаларды боғын езіп отырып көру. Болды. «Осы бір кітапты оқиыншы, өсейінші, өнейінші» деген ой жоқ.

Өмірде көптеген келеңсіздіктер сауатсыздықтың кесірінен болып жатады. Кешегі Ернар Айдарға алданған халықтың басым бөлігі де – сол тобыр. Соңғы жинаған ақшасын сарп етіп, белгісіздікке салу – менің ойымша, барып тұрған ақымақтық. Қатты айтты деп, жазғырмаңыз. Бірақ, шындығы – осы. Лоторея ұйымдастырған адамдардың түгі кетпейді. Олардың көздегені бір ғана дүние, ол – ақша. Болды. «Халыққа жанымыз ашығаннан кейін ұйымдастырып жатырмыз», «Бізге бір тиын пайдасы жоқ, бұл да бір қайырымдылықтың түрі» деген ертегіге сенбеңіз. Қазіргідей нарық заманында пайдасы жоқ дүниені ешкім ұйымдастырмайды. Құлқынды тескен – тек ақша.«Жақсылық көрсем өзімнен, Жамандық көрсем өзімнен» деп Сұлтанмахмұт жырлағандай, барлығы адамның өзіне байланысты. Бұл жерде мен Ернар Айдарды да кінәламаймын. Ол бар болғаны – ақымақ, сауатсыз адамдарды пайдаланды. Орыстарда мынадай сөз бар: «Без лоха – жизнь плоха». Ащы да болса, шындығы осы. Олжа, Пайда, Табыс еңбекпен келеді. Ал, 9 990 теңге төлеп, 2-3 машина, зәулім үй ұтып аламын десеңіз, сіз де өкінішке қарай, сол жоғарыда айтылған адамдардың қатарынан болғаныңыз. Ұтыс ойындары ешқашан әділ өтпеген. Миыңызға құйып алыңыз.

Енді өзгеретін уақыт келді, құрметті ата-ана! Өйткені, әлем өзгеріп жатыр! Білім алыңыз! Ізденіңіз! Сауатыңызды ашыңыз! Білім көкжиегін кеңейтіңіз! Сіз өзгерген күні – балаларыңыз да өзгереді!

Данияр Есеннің ФБ парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: