Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бала күтіміне арналған жәрдемақы 1,5 жасқа дейін ұзаруы мүмкін

29.07.2022, 15:20 738

HALYQLINE.KZ

Елімізде бала күтімі үшін төленетін мемлекеттік жәрдемақы 1 жыл емес, 1,5 жыл бойы төленуі мүмкін. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг кезінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді, деп хабарлайды aikyn.kz

«Біз әлеуметтік кодекс аясында бала күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақы мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға ұзартуды ұсынып отырмыз. Қордың қызметі әлеуметтік жәрдемақыны төлеумен ғана шектелмейді. Біз жалпы жүйенің, оның ішінде қаржы тұрақтылығын сақтауға жауаптымыз. Жалпы әлеуметтік міндет – ұзақмерзімді шаруа. Дегенмен дәл қазір бала күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындау мерзімін ұзартуға қатысты нақты ештеңе айта алмаймын», – деді бас директор.

Нұрсұлу Кемелдің айтуынша, қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Қорытынды шешім көпшілікке жарияланатын болады.

«Сонымен қатар асыраушысынан және еңбек қабілетінен айырылған жағдайда берілетін жәрдемақының да маңызы зор. Бүгінде аталған жәрдемақы түрін 160 мыңнан астам адам алып отыр», – деді ол.

Еске сала кетсек, қазір елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған төлемнің орташа мөлшері – 41 мың теңге.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: