Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бала асырап алу жұмысы қалай жүзеге асады?

17.03.2020, 16:49 245 0

Егер Сіз бала асырап алуға тілек білдіруші Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, жолдама алу үшін өтінішпен бірге тиісті құжаттарды онлайн ұсынуыңыз қажет.

Бұл қызмет тек электронды үкімет порталында көрсетіледі. Ол үшін: Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз. Өтінімді толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойған соң өтінімге құжаттарды бекітесіз.

Құжаттар тізімі:

• жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі;

• жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіптік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);

• отбасы жағдайы туралы анықтама (некеге тұру/бұзу туралы куәліктің көшірмесі, балалары болса, туу туралы куәліктерінің көшірмесі);

• азаматтардың денсаулық жағдайы туралы анықтама және наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрмауы туралы анықтама;

• тұрғын үй пайдалану құқығын дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі (тұрғын үй мүлікке құқығы жоқ жағдайда);

Жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне 10 жұмыс күні ішінде үміткер болу мүмкін/мүмкін емес деп қорытынды хабарлама келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: