Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі тұрғын үй құрылысының сапасын бақылады

08.10.2026, 10:00 33

Қазалы ауданында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып келеді.

Биыл аталған мақсатқа республикалық бюджеттен 3 млрд 94,5 млн теңге бөлініп, 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде 50 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылыс барысын аралап, нысандардың қазіргі жағдайын көрді.

Қазіргі таңда тұрғын үйлердің шатыр жабу жұмыстары аяқталып, ішкі сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан басшысы құрылыс сапасына ерекше мән беріп, мердігерлерге жұмыстарды созбалаңға салмай, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Жауапты сала басшыларына тұрғын үйлерді қабылдау кезінде барлық құрылыс талаптарының сақталуын, тұрғындарға дайын баспаналарды сапалы күйде ұсынуды міндеттеді.

Айта кетейік, өткен жылы ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 пәтерлі 40 тұрғын үй сатып алынып, 80 отбасыға жаңа баспана табысталған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: