Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлауында алғашқы болып Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар дауыс берді. Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Кәрімжанова өз таңдауын жасады.
— Мен Кореяда үш жылдан бері тұрып, қазір Корея университетінде білім алып жүрмін. Қазақстан азаматы ретінде еліміздің болашағына қатысты маңызды қоғамдық-саяси үдерістерден тыс қалмай, өз үлесімді қосуға тырысамын. Біздің таңдауымыз еліміздің болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан жастардың өз пікірін білдіріп, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуы маңызды, — деді Ажар Кәрімжанова.
23 тамызда Астана уақытымен сағат 03:00-де Сеул мен Токиодағы сайлау учаскелері ашылды. Құрылтай сайлауына 7 саяси партия қатысып жатыр. 145 депутаттық мандатқа 545 кандидат үміткер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!