Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

20 миллионыншы тұрғын қай өңірде дүниеге келді?

16.11.2023, 10:15 105

HALYQLINE.KZ

14 қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бес бірдей нәресте еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы ресми сайтында.

Бюро мәліметінше, Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8:10-да туған бес бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанғанын хабарлады. Олар Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Нәрестелердің үшеуі – ұл, екеуі – қыз бала.

Айта кетейік, 1991 жылы Қазақстанның халық саны 16,4 млн адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3%-ға өсті. Мәселен, 2022 жылы 1991 жылмен салыстырғанда туу саны 353,2 мыңнан 403,9 мың адамға дейін немесе 14,7%-ға өсті.

Бала туудың ең жоғары мәні 2021 жылы тіркеліп, 446 мың баланы құрады. Табиғи өсімнің артуы, оның ішінде нәресте өлімінің азаюы нәтижесінде қамтамасыз етілді.

Орташа өмір сүру ұзақтығы 1991 жылмен салыстырғанда 2022 жылы 6,8 жылға өсті, бұл ретте ерлер арасында 7,7 жылға, әйелдерде 6 жылға өсті. Осылайша, 2022 жылы Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 74,4 жылды құрады.

Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейден 1,3 жылға асады.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: