Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алдағы күндері оңтүстік өңірлерде аптап ыстық болады

07.07.2026, 9:46 42

Синоптиктердің дерегінше, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігін аптап ыстық жайлайды, ал солтүстік, батыс пен таулы өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанып отыр, деп хабарлайды halyqline.kz.

Қызылорда облысында алдағы үш күнде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы тұрақтайды. 7 шілде күні түнде 21-26 градус жылы, күндіз 36-41 градус аптап ыстық болады. Қызылорда қаласында түнде 22-24, күндіз 38-40 градус ыстық күтіледі. Ал 8-9 шілде күндері ыстық одан әрі күшейіп, күндіз 37-42 градусқа дейін көтеріледі, тіпті 9 шілдеде облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 45 градусқа жетуі мүмкін. Сондықтан тұрғындарға күннің аптап ыстығынан сақтанып, қорғану шараларын ескерген жөн.

Елорда Астанада 7 шілде күні күндіз жаңбыр мен найзағай болжанады, түнде 17-19, күндіз 30-32 градус жылылық болады. Алматыда да күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай ықтимал, ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 градус. Шымкент қаласында жауын-шашынсыз, түнде 17-19, күндіз 35-37 градус ыстық күтіледі.

Ел аумағының басым бөлігінде алдағы күндері аптап ыстық сақталады. Түркістан облысында күндіз 35-42, Маңғыстау облысында 33-43, Атырау облысында 37-42 градусқа дейін ыстық болжанып отыр. Ал солтүстік, шығыс, орталық өңірлер мен таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай, кей жерде бұршақ пен қатты жел күтіледі. Синоптиктер қатты желдің екпіні секундына 25 метрге жететін тұстары болатынын ескертеді.

Ыстық күндері денсаулықты сақтау үшін күн ортасында, сағат он екі мен он жетінің аралығында мүмкіндігінше көлеңкеде болу, бас киім кию, таза су жеткілікті ішу маңызды. Әсіресе қарт кісілер мен балаларға ерекше көңіл бөлген абзал.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: