Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әрбір азаматқа 930 доллардан материалдық көмек көрсетіледі

17.04.2020, 15:09 428

HALYQLINE.KZ –| Жапония мамыр айында әрбір азаматына 100 мың иен (шамамен 930 доллар немесе шамамен 400 мың теңге) көлемінде материалдық көмек төлей бастайды. Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында елдің премьер-министрінің орынбасары, қаржы министрі Таро Асо мәлімдеді.

Халыққа көмек көрсетудің осындай нұсқасын либерал-демократиялық партияның билеуші коалициясының серіктесі Коэйто партиясы ұсынған. 

Мақсат – ел экономикасына коронавирус індеті келтірген залалға байланысты барлық отбасыға табыс көлеміне қарамастан көмек көрсету.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: