Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әнші Мақпал Жүнісова кімнің басын жарғысы келді?

06.03.2024, 8:45 169

HALYQLINE.KZ

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың WhatsApp-нөмірі бұзылып, оның атынан жалған сілтеме тарата бастаған, деп хабарлайды Massaget.kz

Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

«Құрметті, халайық! Менің оқырмандарым, ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой. Жалған хабарлама келсе, ашып, оқымаңыздар!», – деп жазды халық әртісі. 

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: