Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәкаппарлықтың зияны…

26.06.2021, 12:00 76 0

HALYQLINE.KZ Күндердің күнінде, жапырағы жайқалған еңселі бір теректің түбінен шырмауық тұқым жарып бой көтере бастапты. Көктемнің келісімен-ақ, әлгі шырмауық ағаштың ортан беліне дейін өсіп, ұзара түсіпті. Жаңбыр мен күн нұрының арқасында азғантай уақыттың ішінде шырмауық терекпен бірдей болып өсіп жетіліпті.

Содан бір күні, шырмауық ағашқа қарап: «Ағаш ау, сен қанша айда осындай үлкен болып өстің?» депті. Терек болса: «он жылда» деп жауап қатыпты. Оны естіген шырмауық ішек-сілесі қатып, мақтана күліп «он жылда ма? Мына мен көп болса екі ақ айда сенімен бойым бірдей болды қарашы» деп масайрапты. Терек болса «Дұрыс айтасың» депті де қойыпты.

Уақыттың ағысымен, жаздың ыстық күндерін, қоңыр күз басып, ауа райы салқындай түсіпті. Күздің салқын желінен шырмауықтың жапырақтары үзіліп, шырмауық қалтырай бастайды. Содан кейін шырмауық, ақырын-ақырын бүгіліп бір уыс болып жерге жапырылып қалыпты.

Бұл халіне таң қалып, терекке қарап; «Уа, ағаш ау! Маған не болып барады?» деп сұрапты. Сонда терек оған; «Менің он жылда шыққан шыңыма сен екі айда шығуға тырыстың» деп қана жауап қатқан екен.

Ғалымнан надан артпас ұққанменен,

Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен.

О-дағы қалыбынан аса алмайды,

Жауқазынан ерте көктеп шыққанменен.

Абай Құнанбайұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: