Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Көршіме ең жақсы тұқымды беремін…»

27.02.2021, 11:00 487

HALYQLINE.KZ «Диқан жерім дейді, жері үшін ерінбейді», – деген. Маңдай терімен күнелткен шаруақор диқан жыл сайын күзге салым болатын «Жүгері конкурсына» қатысып, ылғи да бас жүлдені жеңіп алатын. Кезекті жеңісінен соң алған олжасын қолтығына қыстырып есікке беттегенде алдынан бір журналист шығып:

– Кешіріңіз, сіз өз жүгеріңіздің жақсы тұқымдарын көршілеріңізбен бөліседі екенсіз. Бұның сыры неде? Олар сіздің бәсекелестеріңіз емес пе? – деп сұрайды.

Сонда диқан: «Сіз егін ұрықтанатын уақытта жел оның тозаңдарын алып, бір алқаптан екінші алқапқа ұшырып апаратынын білмейтін бе едіңіз? Егер менің көршілерім нашар дән егетін болса, оның әсері менің жүгеріме де тиетін еді ғой! Сол себептен, жақсы өнім алу үшін көршілеріме ең жақсы тұқым беремін», – дейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: