Көптеген әйел үшін ұзаққа созылатын оргазм — әлі де бір тылсым дүние секілді. Иә, аймалау, сүйісу, жыныстық қатынас ләззат сыйлайды, бірақ бәрі де «шыңға» жете бермейді. Егер денсаулықта еш мәселе болмаса, мамандар кейбір пайдалы тәсілдер бұл жағдайды өзгертуге көмектеседі дейді.
Прелюдияны ұзартыңыз
Кейбір жұп алдын ала аймалаусыз бірден іске кірісіп кетуге бейім. Десе де, ер адамға қозу үшін бір көзқарастың өзі жетіп жатса, әйелге біраз уақыт керек. Сондықтан серіктесіңізден сізге көбірек көңіл бөлуін сұраудан ұялмаңыз. Бұл екеуіңізге де пайдалы болады.
Жыныстық қатынасқа дейін спортпен шұғылдану
Бұл жерде барлығы физиологиямен түсіндіріледі. Спортпен шұғылдану барысында жамбас тұсына қан ағымы артады, бұл өз кезегінде қозуды күшейтеді. Кеңес: фитнес рөлдік ойындарға да арқау бола алады.
Қайта қуаттану
Зерттеулерге сүйенсек, вибраторларды тұрақты қолданатын әйелдер жыныстық қатынас кезінде оргазмға оңай жетеді. Сондықтан, егер ер адаммен кездесуге дейін өзіңізді босаңсытып алуға мүмкіндік болса, міндетті түрде пайдаланыңыз.

Эгоист болатын сәт!
Ұзақ оргазмның болмауына әйелдің серіктесінің ләззатына ғана назар аударуы себеп болуы мүмкін. Көп қыз жыныстық қатынас кезінде өзін бақылаушы ретінде сезінеді. Сондықтан өз эгоңызды көрсетуге қорықпаңыз: қай қалыпта интимді қатынасқа түскіңіз келетінін өзіңіз шешіп, сезімдеріңізді ер адамға ашық жеткізіңіз.
Көзге тіке қарау
Сексологтар тантралық техника қолдануға кеңес береді. Яғни жыныстық қатынас кезінде көзқарасты үзбеу. Бұл серіктестер арасындағы байланысты күшейтіп, қозуды әр қимыл сайын арттыра түседі.
Қараңғыдағы секс
Оргазмның құпиясын ашқан әйелдер түнгі, жарықсыз жыныстық қатынастың өте тиімді екенін айтады. Бұл толығымен сезімдерге бой алдыруға көмектеседі. Сондай-ақ бұл әдіс өз денесіне сенімсіз әйелдерге өте қолайлы.
Үшінші артық емес
Секс-ойыншықтарды көп жұп елемейді. Ал шын мәнінде, олар оргазмға жетуге көмектесетін құрал болуы мүмкін. Егер серіктесіңіз сіз оған аз көңіл бөлесіз деп алаңдаса, «ойынды» оның басқаруына мүмкіндік беріңіз.
Автор: Harper’s BAZAAR Kazakhstan.
Аударған Гүлдана Мұқан.
Дереккөз: harpersbazaar.kz
Фото: Shutterstock.com.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!