Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сапалы жыныстық қатынас қанша уақытқа созылуы керек?

25.06.2022, 10:00 2393

HALYQLINE.KZ

Көптеген ерлі-зайыптының отбасылық өмірі жыныстық қатынастың сапасына байланысты болуы мүмкін. Ерте ме, кеш пе, әр жұп сапалы төсек қатынасы қанша уақытқа созылуы керек деген сауалға бас қатырады екен. Зерттеушілер аталған сұрақтың жауабын тапты.

Психолог Брендон Зиеч көптеген зерттеуден кейін адамдар арасында ең жиі қойылатын «Жыныстық қатынас орта есеппен қанша уақытқа созылуы керек?» деген сауалға жауап берді.

Брендон әртүрлі институттың ғалымдарын жинап, ғылыми топпен бірге 500 жұпты зерттей бастады. Зиеч оларға «Сіздің соңғы жыныстық қатынасыңыз қанша уақытқа созылды?» деген сауал қойды.

Өз кезегінде әйелдер мен ер адамдар әртүрлі жауап берді. Бірі соңғы жыныстық қатынастың небәрі 30 секундқа дейін, ал бірі бірнеше сағатқа созылғанын айтты.

Осылайша, психолог қос ғашықтардың сексуалдық өмірін бірнеше апта бойы зерттеуді жөн көрді. Ең алдымен жұптар күнделік арнап, ол жерге төрт апта бойы жыныстық қатынаспен қанша уақыт айналысқанын есептеп, жазып жүрді.

Бір айдан соң Брендон зерттеу жұмысының қатысушыларына сұрағын қайта қойған. Нәтижесінде қалыпты жыныстық қатынастың орташа уақыты 5 минут 24 секундты құрағаны белгілі болды. Сондай-ақ, Зиеч ересек адамдарға қарағанда, жастардың төсек қатынасымен жиі әрі ұзақ айналысатынын анықтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: