Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық студенттер қаржылық сауаттылық бойынша курс өткізуде

17.01.2023, 17:50 673

Қаржылық сауаттылық – қаржымен байланысты шешімдер қабылдау үшін қажетті дағдылар мен білімнің  жиынтығы. Аталмыш бағыт бойынша республика көлемінде іс-шаралар ұйымдастырылды. Алайда қаржылық сауаттылық оқушылар үшін де маңызды болмақ. Жеке мектептерде арнайы пән ретінде қосылған. Мектеп оқушыларына қаржылық сауаттылық бағыты бойынша негізгі білімдерді үйрету үшін KMF&KMF – Демеу  микроқаржылық ұйымының қолдауымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Enactus командасы Қызылорда қаласы бойынша 5-8 сыныптар аралығында курс ұйымдастыруда.

Курстың мақсаты − заман талабына сәйкес қаржылық сауаттылық бағыты бойынша дағдыларды дамытуға арналған сабақтарды түсінікті, әрі жеңіл форматта жеткізу. Қазіргі таңда 700-ге жуық оқушыға сабақ өтуде.  Алдағы жоспар бойынша аудандық мектептерге сабақ өту қолға алынады.  

Курс жайында толық мәлімет алу үшін +7 (707) 639-54-63 (Темірлан Абжанов, ENACTUS Korkyt ұйымының капитаны) нөміріне хабарласып, білуге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: