Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қыздарды соғыс дрондарын жасауға тартып жатыр». Ресейлік жарнама қырғыз оқу орындарына жетті

31.05.2026, 10:05 29

Ресей Украинамен соғыста қолданатын дрондарды құрастыратын «Алабұға Старт» бағдарламасы арқылы қырғыз әйелдерін жұмысқа тартып жатыр. Мұндай жарнамалар Қырғызстандағы кейбір білім беру мекемелерінде таратылған. Бұл туралы Азаттық жазды.

«Алабұға Старт» бағдарламасының ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, 2023 жылдан бері жобаға Орталық Азиядан 150 қыз қатысқан.

Қырғызстанда аталған жарнаманы кейбір оқу орындары тарата бастады. Талас мемлекеттік университетінің ректоры өткен аптада осындай жарнамалардың бірін таратты.

«Талас облысына 15 квота бөлінді» деді ректор. Ізінше жазба желіден жойылды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: