Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҰБТ-дан 139 балл жинаған талапкердің нәтижесі жойылды

19.07.2022, 17:55 449

Өкінішке қарай, ҰБТ-2022 бейнежазбаларын қайтадан тексеру барысында, ең жоғары 139 балл жинаған тестіленушінің ереже бұзғаны белгілі болды. Бұл жөнінде Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

  • Өткен жазбаларымның бірінде 139 балл жинап, бірақ ереже бұзған 2 талапкердің нәтижесін жойғанымызды хабарлаған болатынмын. Тағы да дәл осы баллды жинаған талапкеріміз бар еді. Алайда оның да ереже бұзғаны үшін нәтижесі жойылып, грант конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Бұл – тіркелген үшінші жағдай. Енді ең максималды балл – 138, оны 4 талапкер жинады. Төртеуінің де нәтижелерін тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетсем, аномалды жоғары балл (+20 баллдан +80 баллға дейін) жинаған талапкерлердің нәтижелері біздің ерекше бақылауымызда, – деді ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: