Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тас қалаушылар, дәнекерлеушілер жарысы аяқталды

09.08.2022, 9:45 335

HALYQLINE.KZ 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай СПМК – 70 құрылыс алаңында жастар арасында «Тас қалаушылар» сайысы өтсе, М.Ықсанов Қызылорда политехникалық колледжінің базасында «Дәнекерлеушілер» байқауы өтті.

Сайыс қорытындысымен Ізтілеу Айболат Серікұлы қала әкімінің «Самғау» жастар сыйлығының «Үздік тас қалаушы» номинациясының иегері атанса, Қайрат Дәуіржан Қайратұлы қала әкімінің «Самғау» жастар сыйлығының «Үздік дәнекерлеуші» номинациясын жеңіп алды. Жеңімпаздарға 100.000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйақылар табысталады.

Qosyl Qyzylorda Jastar орталығының ұйымдастыруымен өткен сайыстарға қалалық құрылыс бөлімі, құрылыс басқармасы, АбуСер ЖШС, SCS Инжиниринг ЖШС, АманКурылыс ЖШС және Қызылорда облысының білім басқармасы, М.Ықсанов Қызылорда политехникалық колледжі қолдау білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: